Профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары
№ |
Нысаналы топ |
Профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарау түрі |
1. |
18 жасқа толмаған б алалар |
Балаларды профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру |
2. |
30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша скринингтен өтетін әйелдер мен ерлер |
Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру |
3. |
Жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер |
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру |
4. |
Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер |
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру |
5. |
Глаукома бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер |
Глаукоманы ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру |
6. |
Сүт безі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер |
Сүт безінің обырын ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру |
7. |
Полипоз, жуан ішектің обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер |
Колоректалдық обырды ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру |