Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

Құрметі пациенттер мен келушілер!

Қазақстанда денсаулықты сақтау аса маңызды мемлекеттік басымдық болып табылады. Медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету отандық денсаулық сақтау үлгісінің басты стратегиялық міндеті.

«Салимжан и К» ЖШС-де тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет алуға пациенттің құқығын қамтамасыз ету үшін Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) жұмыс істейді.

ПҚжІБҚ сауалнама жүргізу арқылы көрсетілетін медициналық көмек сапасына халықтың қанағаттануын зерделейді, пациенттердің барлық өтініштері бойынша жедел шешім қабылдау үшін құзырлы медицина қызметкерлерімен бірлесіп «осы жерде және қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдайды. Барлық проблемалық сұрақтар ПҚжІБҚ жанындағы медициналық қызмет сапасын басқару бойынша Кеңестің қарауына ұсынылады және ішкі аудит нәтижелері бойынша көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту іс шараларының жоспары медицина ұйымының басшысына ұсынылады.

Пациенттердің құқықтарын қорғау мақсатында «Салимжан и К» ЖШС амбулаториясында:

  • 8(7122) 31 19 84 – сенім телефоны жұмыс істейді – медицина персоналының қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлауға болады;
  • «Өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшік» – аты-жөндеріңізді, байланыс телефондарыңызды көрсетіп (телефон, мекенжай) жазбаша өтініштеріңізді қалдыра аласыздар.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету және көрсетілген медициналық көмек сапасы, емхана медперсоналының этика және деонтология нормаларын сақтауы жөніндегі сұрақтар бойынша Сіз өтініш жасай аласыз:

  1. salimjan-i-k.kz емхана сайтындағы «Бас дәрігер блогы»тарауында сұрақ қоя аласыз
  2. 8(7122) 31 19 84 сенім телефоны бойынша;

«Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (8-бап) Сіздердің өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңыз міндетті түрде қаралады. Жазыңыздар, ұсыныс жасаңыздар, назардан тыс қалдырмаймыз, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.