Жаңалықтар

2022 жылдың 11 қарашасында Бесикты мектебінде Бесикті тұрғындарымен "Медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, қаржыландыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Кездесу барысында ЖШС" Салимжан и К" директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Неталиева Нургуль Маратқызы емхананың ағымдағы жылдағы жұмыстары бойынша есеп берді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға МӘМС жүйесі туралы толық ақпарат берілді. Кездесу барысында тұрғындардың өзекті сұрақтарына жауап берілді.Кездесу соңында кездесуге келген тұрғындарға "Дамумед" ақпараттық жүйесіне тіркеліп, қолдану реті үйретілді.

WhatsApp Image 2022 11 21 at 11.38.46